Өткен тәулікте коронавирус 228 адамнан анықталды. Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 47, Алматы қаласында – 38, Шымкент қаласында – 3, Ақмола облысында – 35, Ақтөбе облысында – 0, Алматы облысында – 2, Жетісу облысында – 0, Атырау облысында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 8, Абай облысында – 2, Жамбыл облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 10, Қарағанды облысында – 46, Ұлытау облысында – 5, Қостанай облысында – 0, Қызылорда облысында – 0, Маңғыстау облысында – 6, Павлодар облысында – 10, Солтүстік Қазақстан облысында – 11, Түркістан облысында – 0. Айта кетейік, елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 388 249-ға жетті.