Қытайда жаңа коронавирус құрбандарының саны 1 665 –ке жетті, – деп ТАСС. Бұл ретте 9419 адам сауығып кетті, ауру шыққан сәттен бастап жұқтырғандар саны 68 мыңнан асты. Бұл туралы ҚХР гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет хабарлады. 15 ақпанда ведомство 66,4 мыңнан астам жұқтырғанын, 1523 адам қайтыс болып, 8096 адам сауығып кеткені туралы хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайда CAVID-19 жаңа коронавирус симптомдарын әдейі жасырып немесе науқастың жағдайы туралы ақпаратты бұрмалағаны үшін жазалауы мүмкін хабарланған болатын.