Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні ресми сапармен Қостанай облысына барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тағы парақшасында жазды. Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады.