16 ақпанда жауын-шашын болады
16 ақпанда жауын-шашын болады
© Сурет ғаламтордан
174
оқылды
16 ақпанда Қазақстанның басым аумағында қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет"РМК. Еліміздің солтүстігінде қар жауып, оңтүстікте жаңбыр мен қар күтілуде. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғып, жел күшейеді. Қарағанды, Қостанай, Ақмола, түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 17-22 м/с күшейеді, түнде Жалаңашкөл ауданында 30 м/с дейін күшейеді. Жамбыл, түнде және таңертең Түркістан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Шығыс Қазақстан облысында боран соғады. Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.