Конституция саяси жаңғырудың, ашық әрі әділетті қоғам құрудың негізгі қағидатына айналды – Әлихан Смайылов
Конституция саяси жаңғырудың, ашық әрі әділетті қоғам құрудың негізгі қағидатына айналды – Әлихан Смайылов
Фото: sputnik.kz
298
оқылды
Қазақстанның Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Тәуелсіз Қазақстанның жарғысы болған Ата Заңымыз ел дамуының бетбұрысты кезеңіне жол ашты. Ауқымды саяси жаңғырудың, ашық әрі әділетті қоғам құрудың негізгі қағидатына айналды. Қоғамның барлық өкілдерінің талап-тілегіне сай қабылданған конституциялық өзгерістер әлеуметтік әділдік, татулық пен тұрақтылық сияқты өміріміздің басты құндылықтарын сақтап, табысты экономикалық реформаларды іске асыруға қызмет етеді. Береке-бірлігіміз бекем, ел іргесі берік болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!