Нұр-Сұлтанда 20 жастағы жігіт краннан құлап көз жұмды
Нұр-Сұлтанда 20 жастағы жігіт краннан құлап көз жұмды
Нұр-Сұлтан қаласында 20 жастағы жігіт мұнаралы краннан құлап, оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті хабарлады.
«Осы жылдың 28 тамызы күні шамамен сағат 10.15-те Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданында Тұран даңғылы 65 мекенжайында орналасқан Сауран құрылыс нысанында (бас мердігері «Абылай құрылыс» ЖШС) қайғылы оқиға болғаны туралы хабар түсті. Осыған орай Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті инспекторы оқиға орнына шұғыл барды. Жұмыс барысында 2002 жылы дүниеге келген оператордың мұнаралы кранның басқару кабинетінен құлағаны (7-қабат биіктігінен) анықталды. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты», - делінген департамент баспасөз қызметінің хабарламасында.