Абай облысында жаппай төбелес ұйымдастырғандар ұсталды
Абай облысында жаппай төбелес ұйымдастырғандар ұсталды
Фото: polisia.kz
1,603
оқылды
Polisia.kz Абай облысының полицейлері бұзақылық жасап, төбелес бастаған күдіктілерді ұстады, - деп хабарлады. 28 тамыз күні әлеуметтік желіде Шар қаласының Жарма ауданы аумағында бір топ жас жігіттер арасындағы жанжалдың бейнежазбасы тарады. Аталған факті бойынша дереу тексеру басталып, оның барысында осы оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып, ұсталды. Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жанжалдың барлық мән-жайлары анықталуда. Бүгінде Шар қаласында жедел жағдай тұрақты. Бұл факті Абай облысы Полиция департаментінің бақылауында.