Каспий маңынан батпақай балығының өлекселері табылды
Каспий маңынан батпақай балығының өлекселері табылды
Су шегінгеннен кейін Каспий теңізінің «жағасында» ондаған батпақай балығының өлекселері қалған. Куәгерлердің айтуынша, видео Қаражанбас және Қаламқас кен орындары аймағында түсірілген. inAktau.kz редакциясы Маңғыстау облысының Экология департаментінен түсініктеме күтеді. Айта кетейік, маңғыстаулықтар мұндай жағдайға 2014 жылдың тамыз айында куә болған. Бұдан кейін Маңғыстау облыстық Балық инспекциясы басқармасының мамандары балықтардың қырылуының аптап ыстық, Түпқараған өңіріндегі судың тереңдігінің жеткіліксіздігі және оттегінің жетіспеушілігі сияқты бірнеше болжамды себебін атаған болатын.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 💚inAktau.kz Новости Актау (@inaktau.kz)