Ұрланған автомат пен басқа да қару-жарақ қоқыстан табылды
Ұрланған автомат пен басқа да қару-жарақ қоқыстан табылды
223
оқылды
Жамбылдық полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруларды іздеу барысында 5 қару, 2 РГД гранатасы және әртүрлі калибрлі 200-ден астам патрон тапты. Тәркіленген қарудың ішінде 1 Калашников автоматы, 2 «ТОЗ-8» мылтығы, 2 аңшы мылтығы бар. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері Тараз қаласындағы қоқыс жәшіктерінің бірінің жанынан биылғы қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің ғимаратынан ұрланған «АҚСУ74» автоматы мен сигналдық зымыран салынған қап тауып алды. Табылған бүкіл қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жерін хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Аноним қалатынына кепілдік беріледі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @zhambyl_police