Алматы облысында 2 жасар бала шұңқырға құлап қайтыс болды
Алматы облысында 2 жасар бала шұңқырға құлап қайтыс болды

Алматы облысы Талғар ауданында 2020 жылғы сәби септикке құлап қайтыс болды.

Баланың анасының айтуынша, 28 тамыз күні кешке баласы мысықтың соңынан қуып, абайсызда темірмен жабылған септикке түсіп кеткен.
"Талғар ауданында  2 жсар сәби кәріз суы толтырылған септикке түсіп кеткен. Мұны байқаған анасы оны дереу құдықтан шығарып, жедел жәрдем шақырған. Алайда жолда бала қайтыс болды», - деп хабарлады Талғар аудандық ІІБ.