ҚР ҰҚК Шекара қызметі 20 мың медициналық бетперде контрабандасын өткізбек болған Қытай Халық Республикасының азаматын ұстады, – деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі. «14 ақпанда Алтын-Көл станциясының шекаралық бақылау бекетінде ҚХР азаматынан контрабандалық тауарлар алынды, ол – Қазақстаннан Қытайға контрабандалық жолмен өткізуге тырысқан 20 000 медициналық бетперде», - делінген баспасөз хабарламасында. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 7 ақпанында Қазақстан медициналық бетперделердің экспортына тыйым салған. Алматы фармацевтикалық компаниясы сұраныстың жоғары болуына байланысты тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.