Тамақ іздеп жүрген түлкіні байқаған демалушылар оған жүгері лақтырған. Түлкіге тамақ тастап алыс кеткенімен, түлкі жасөспірімге тап берген.Шымкентте бір топ адам саябақта демалған. Сол маңайда тамақ іздеп, айналаны тіміскілеп түлкі жүрген, – деп жазады otyrar.kz.
«Жүгеріні 2-3 метр алыс жерге тастадым. Қас пен көздің арасында түлкінің өзіме тап бергенін байқамай да қалдым. Қатты қорықтым», – дейді жапа шеккен жасөспірім.https://youtu.be/vKUVAAcf6Hs Бәйдібек би алаңына таяу маңдағы саябаққа түлкі қайдан келгені беймәлім.