Таразда әйел адам өз әкесінен 600 мың теңгеден астам сомада ақша ұрлап кеткен. 60 жастағы ер адам полицияға арызданған. Ол өзінің туған қызы ұялы телефондағы банктің мобильді қосымшасы арқылы шотындағы 600 мың теңгеден астам қаржыны өзіне аударып алғанын хабарлаған. Тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 34 жастағы әйелді тұтқындаған. Әйел әкесінің ақшасын ұрлағанын толық мойындаған. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.