Алматы облысында асыранды балаларды ұрып-соққан қамқоршыларға қатысты тергеу басталды
Алматы облысында асыранды балаларды ұрып-соққан қамқоршыларға қатысты тергеу басталды
280
оқылды
Әлеуметтік желіде белгісіз әйел мен ер адамның асыранды балаларды ұрып-соққан видеосы тарады. Аталған жағдайға Алматы облысының Білім басқармасы түсініктеме берді.
«Қазір балалар Іле ауданының Түймебаев ауылындағы «Солнышко» балалар үйіне орналастырылды. Балалардың тұрақты мекенжайы анықталғанша, сол жерде болады. Балаларға қатыгездік жасалған іс бойынша материал Іле ауданының прокуратурасына, кәмелетке толмаған балалардың құқығы бойынша комиссияға жолданды», – делінген Алматы облыстық Білім басқармасының хабарламасында.
Асыранды балаларды белгісіз әйел мен ер адам қатыгездік көрсетіп,  ұрып-соққан. Артынша балаларға күш көрсеткендер ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың асыраушысы екені анықталды. Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, аталған отбасы 4 баланы қамқорлығына алған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

A post shared by Dina Tansari (@dinatansari)