ШҚО-да аудандық мәслихат депутаты өзіне қол жұмсады
ШҚО-да аудандық мәслихат депутаты өзіне қол жұмсады
ШҚО-да Зайсан аудандық мәслихатының депутаты суицид жасаған. Әлеуметтік желілерде Зайсан аудандық мәслихат депутатының өзіне қол жұмсағаны жайлы ақпарат тарады. Қазинформ-ның хабарлауынша, ШҚО Полиция департаменті ақпаратты растаған.
«31 тамыз күні полицияға Зайсан қаласының 58 жастағы тұрғынының өзіне қол жұмсағаны жайлы хабар түсті. Қазір аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Істің мән-жайы зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпаратты жария етуге тыйым салынған», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова.
Бейресми дерек бойынша, мәслихат депутаты үйінде өз-өзіне оқ атқан.