Алматыда полицейлердің мотоциклшіні қуған сәті видеоға түсіп қалды
Алматыда полицейлердің мотоциклшіні қуған сәті видеоға түсіп қалды
206
оқылды
Әлеуметтік желіде Алматы полицейлерінің мотоцикл жүргізушісін қуып бара жатқаны түсірілген видео пайда болды. Полицияның мәліметінше, оқиға 24 тамыз күні болған. Мотоцикл жүргізушісі жол ережесін бұзып, полицейлердің тоқтату талабын елемеген.
"Бұл өрескел заңбұзушылықты мамандандырылған батальонның экипажы анықтады. Жүргізуші полицейлердің тоқтату туралы заңды талаптарын елемеген. Осыған байланысты экипаж жүргізушінің жылдамдығын азайтып, тоқтауы үшін шара қолданды", - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мотоцикл жүргізушісіне қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылған. Жол қозғалысына қатысушының полицейлердің талабын орындамағаны, жүргізуші куәлігінде арнайы санаттың жоғы және аталған көліктің тіркелмегені анықталған.