Жолаушы әуежайдан 54 қолтырауынды заңсыз алып өтпек болған
Жолаушы әуежайдан 54 қолтырауынды заңсыз алып өтпек болған
Ташкент әуежайында жолаушы 50-ден астам қолтырауын баласын заңсыз алып өтпек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеденшілер жолаушының жолжүгінен 54 қолтырауынның баласын тауып алды. Ол бауырымен жорғалаушыларды жемістер мен көкөністердің арасына бірнеше пластик ыдыстарға тығып қойған. Жүкті сканерін қиындату үшін контейнерлерді жұқалтырға (фольгаға - ред.) ораған. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Өзбекстанда заң деңгейінде жабайы және улы жануарларды үйде ұстауға тыйым салуды жоспарлап отыр. 29 тамызда Өзбекстан Экологиялық партиясының депутаттары «Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізу туралы бастама көтерді. Парламентшілер соңғы уақытта қоғамдық орында, той-мерекелерде, мерейтойларда және басқа да отбасылық іс-шараларда жыртқыш және улы жабайы жануарларды серуендету фактілері жиілеп кеткенін айтты.