Жанармай бекетінің қызметкері кассадан ақша ұрлап, құмар ойынға жұмсаған
Жанармай бекетінің қызметкері кассадан ақша ұрлап, құмар ойынға жұмсаған
Фото: polisia.kz
Түркістан облысында жанармай бекетінің қызметкері кассадан ақша ұрлап, құмар ойынға жұмсаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің хабарлауынша, Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, кассирмен есептескенде 720 мың теңгесі кем болып шыққан. Содан жәбірленуші оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін полицейлерден көмек сұраған. Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, ұрлыққа қатысы бар күдікті анықталды. Күдікті жігіт жанармай құю бекетінде кассир операторы болып жұмыс істеген. Жас жігіт кассадан 340 мың теңгені, арада біраз күн өткен соң тағы 380 мың теңге ақшаны алған. Күдікті жігіт алған ақшаны құмар ойынға жұмсап жіберген. Аталған жайтты полицейлер Қылмыстық кодекстің 189-бабы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу") бойынша тіркеуге алып, қазір  жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.