Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында айтты. Сонымен қатар принципті түрде «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. – Ата Заңымызда жер мен табиғат байлығы – халықтың меншігі деген басты қағида бар. Бұл бос сөз емес. Бұл – барлық реформалардың негізі. Сондықтан әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланғаны үшін нақты табыс алуы тиіс. Сол үшін Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының 50 пайызын балаларға, яғни 18 жасқа толғанға дейін, мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлуді ұсынамын. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Осы қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге деген жолдамасы болады. Бұл қор ұлттық мәртебеге ие болады және халық мүддесіне қызмет етеді. Осыны жан-жақты қарастыра отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.