Қысқа жеңістердің уақыты өтті – Мәжіліс депутаты Ләззат Рамазанова
Қысқа жеңістердің уақыты өтті  – Мәжіліс депутаты Ләззат Рамазанова
©inbusiness.kz
Мәжіліс депутаты Ләззат Рамазанова Мемлекет басшысының президенттік мандат мерзімін өзгерту туралы шешіміне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазір елімізге ұзақмерзімді жобалар қажет. – Біз, яғни Қазақстан президенттік өкілеттікті шектеу үшін референдум өткізіп, бүкіл халықаралық кеңістікте нонсенс болды. Сонымен қатар бүгін Мемлекет басшысы өз сөзінде ең маңызды нәрселермен бөлісті. Біз тәуелсіз демократиялық қоғам құра отырып, тек бір рет Президент болу мүмкіндігінен бастаймыз. Мерзімді ұлғайту кез келген реформаның ұзақмерзімді екенін, қысқа жеңістің кезеңі өткенін білдіреді. Өйткені Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің өкілеттігін қайта сайлану құқығынсыз 7 жыл бір мерзіммен шектеуді ұсынды. Енді ұзақмерзімді жобалар қажет, – деді Ләззат Рамазанова.