Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының тең жартысы 18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шоттарына аударылып отыратынын мәлімдеді. Осы ретте саясаттанушы Самат Нұртаза болашақ ұрпақ үшін ұлттық қор құру жайлы өз пікірін білдірді. Саясаттанушы мұндай шешімнің қабылдануы қазақстандықтар мен келер ұрапақ үшін өте пайдалы болатынын айтты.
«Балаларға 2024 жылдан бастап қаражат төлеу дегеніміз – бұл тарихи шешім. Мұны біз тіпті түсімізде де көрмедік, мүлде күткен де жоқпыз. Тек бұрындары араб мемлекеттерінде бар екен деп еститінбіз. Шын мәнінде, ондайды көрмедік. Сондықтан да менің ойымша, бұл – тарихта қалатын қадам, тарихта қалатын шешім. Сонымен қатар бұл baby boom-ға алып келуі мүмкін. Одан бөлек, жастардың тезірек отбасы құруына да әсер етуі мүмкін. Қалай десек те бұл – оң шешім. Қазба байлықтың қызығын халық көруі қажет. Сондықтан Президентке үлкен алғыс. Өскелең ұрпақ та болашақта Қасым-Жомарт Кемелұлына өз рақметін айта жатар деп ойлаймын», – деді Самат Нұртаза.