Жолдау 2022: жаңа әлеуметтік-экономикалық бастамалар
Жолдау 2022: жаңа әлеуметтік-экономикалық бастамалар
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері Анна АЛЬШАНСКАЯ  Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауы, қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруды мақсат еткенін айтып, Үкімет пен Парламенттің алдына ауқымды міндеттер қойғанын сөз етті. – Олардың ішінде ең маңыздылары, менің ойымша, мыналар: біріншіден, экономиканы салықтық ынталандырудың жаңа тетіктері. Осылайша, 2023 жылға қарай ірі салық реформасы жүргізіліп, жаңа Салық кодексі дайындалатын болады. Қазір  салық ауыртпалығының деңгейі секторлардың тиімділігіне сәйкес келмейді. Осыған байланысты экономика секторларының қаржылық жай-күйін ескеретін және одан әрі дамуға мүмкіндік беретін сараланған салық мөлшерлемелерін енгізу ұсынылды. Әлемнің көптеген дамыған елдерінде кең таралған сән-салтанат салығы да ел үшін жаңалық, оның мақсаты – әділетті салық жүйесін құру. Екіншіден, ел экономикасының жүйелі проблемасы жеткіліксіз қаржыландыру  мен шағын және орта бизнестің инвестицияларға қолжетімділігінің төмендігі болып отыр. Бұл фактор сектордың өсуі мен дамуын айтарлықтай шектейді. Шағын және орта кәсіпкерліктің ЖІӨ-дағы үлесі 34,7%-ға жетті. Секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 3,5 млн адамды құрайды. Президент өз сөзінде жоғары инфляция жағдайында секторды қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Үшіншіден, әлеуметтік блокты жеке атап өткен жөн. Өткен жылдағыдай бүгінгі Жолдаудың маңызды мәселесі ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) арттыру болды. Енді оның мөлшері 70 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл елдің 1,8 миллион азаматының табысына әсер етеді. Зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын арттыру жөніндегі жұмыстар да жалғастырылатын болады. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесі ең төменгі күнкөріс деңгейі 70%-ға, ал ең жоғары мөлшерлемесі 120%-ға дейін өседі. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы орташа есеппен 27%-ға өседі. Бұдан басқа, әйелдердің зейнеткерлік жасы ұлғаймайды және 2028 жылға дейін 61 жасқа дейін бекітіледі. Бұл ретте БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарының инвестициялық пайдасының сақталуы мен арттырылуына жауапты маңызды институт ретіндегі стратегиясы қайта қаралуы тиіс, – дейді  ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері.