ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып Камиль Ақатов тағайындалды

ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып Камиль Ақатов тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Камиль Ерғалиұлы Ақатов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді. Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Вуллонгонг университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін, Astana IT University-ді тәмамдаған. 2015-2016 жылдары - «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ Жобалау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы. 2016-2022 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-да бас менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, департамент директоры болып жұмыс істеді. 2022 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Qazinnovations» иновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.