Әлеуметтік мәселелерді жедел реттеуді тапсырды
Әлеуметтік мәселелерді жедел реттеуді тапсырды
201
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен жиын өткізді. Кеңесте өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен өзекті проблемалары талқы­лан­ды. Сонымен қатар Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру­­ға ерекше назар аударылды. Президент Үкімет пен әкім­дерге елдің әлеуметтік мәселелерін жедел реттеу және халықтың әл-ау­қатын арттыруға бағытталған ша­ралар қабылдауды тапсырды. Әкімдіктерге инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кә­сіпкерлікті қолдау туралы мін­дет­тер жүктеді. Қ.Тоқаев өңір бас­шы­ларына жылыту маусымына дайындықты күшейтуді және күзгі егін жинау науқанын жоспарға сай сапалы орындауды тапсырды. Мемлекет басшысы әкімдердің азаматтармен кері байланысты күшейтуі қажет екенін атап өтті. Кеңес соңында Президент Қа­зақстан халқына арналған бүгінгі Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру аса маңызды екенін ескертті.