Құрлықтық дәлізге айналып келеміз

Өскенбаев құрлықтық дәліз

Президент Жолдауда «Қа­зақстан темір жолы» компания­сын толыққанды транзиттік-ло­гистикалық корпорация ретінде қайта құруға тапсырма берді. Сондай-ақ жергілікті жолдардың желісі дамытылады, сапасы ар­тады. 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызы жақсарады.

Бұл ретте еліміздің транзиттік қуа­тын арттыру міндеті тұр. Қазақстан қа­зіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлықтық дәлізге айналуда. Бұл бірінші кезекте қазақстандық тауарларға жаңа ха­лықаралық нарықтарды ашу үшін қажет.

Қынжылтатыны сол, санкция сал­дарынан дәстүрлі бағыттар дағдарып, тасымал тізбектері үзіліп жатыр. Олар үшін баламалы жолдарды дамыту стра­тегиялық маңызға ие болып отыр. Сон­дықтан ҚТЖ тек теміржол саласымен ғана шектеле алмайды. Ол енді өз жұ­мысын қайта құрып, халықаралық дәліздерді дамытуға бағдарлануы керек. Қазақстан экономикасы экспортымыз артса ғана өркендейді. Бұл үшін осы жолда туындап жатқан кедергі, шектеулерді жою бағытында қарқынды, ұтымды жұмыс жүргізілетін болады.

Бұл жерде Ресей де Қазақстан ар­қылы транзитке, тауар тасуға қы­зығу­шылық білдіріп отыр. Еселеп артатын тасымал ауқымын еңсеру үшін темір­жолдарымыз, трассалар, су жолдары сақадай сай болуы тиіс. Бұл жерде әсіресе Каспий арқылы өтетін халық­аралық дәлізді дамыту, кеме-танкерлер алу мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл бағытта жұмыс жүргізіп, салаларды трансформа­циялап жатырмыз.

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ,
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.