42 мыңнан астам баланы мектепке даярлады
42 мыңнан астам баланы мектепке даярлады
«AMANAT» партиясында «Бақытты отбасы» пар­тиялық жобасы аясындағы «Баланы мектепке даярлайық!» жалпыреспубликалық қайырым­дылық акциясы қорытындыланды. Дәстүрлі түрде өткізілетін бұл акцияның басты мақсаты – көп­балалы және аз қамтылған отбасыларға балаларын 1 қыркүйекке дайындауға көмектесу.
«Баланы мектепке даяр­ла­йық!» қайырымдылық акция­сы бүгін аяқталып отыр. Соның аясында барлық өңірдегі партия мүшелері балаларды жаңа оқу жылына дайындауға атсалысты. Аманаттықтар 23 мыңнан астам отбасының 42 мың оқушысын мектеп формасымен, оқулық­тар­мен, рюкзактармен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті. Бұл Мемлекет басшысы­ның­ әлеу­­меттік қиын жағдайға тап болған балалар мен отба­сылар­ды қолдау жөніндегі бағыт-бағда­рын жүзеге асыруға «AMANAT» пар­тиясының қосқан үлесі. «Ба­ланы мектепке даяр­лайық!» акциясы бұл бір рет қана өткізілетін іс-шара емес. Қа­зақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағыт­тал­ған пар­тияның ауқымды жүйелі жұмы­сының бір бөлігі», – деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Партия төрағасы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы ая­сында 2022 жылдың бірінші жар­тыжылдығында ғана 13 мың адам жұмысқа орналас­ты­рыл­ғанын, 37 мың отбасына АӘК ресімдеуге көмек көрсетілгенін және 49 мың отбасына біржолғы әлеуметтік көмек төленгенін атап өтті. 146 отбасы тұрғын үй­мен қамтамасыз етілді. «Баланы мектепке даярла­йық!» акциясын ел аумағындағы барлық партиялықтар қолдады. Мәселен, Маңғыстау облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаты Нәжі­­меден Губашов Мұнайлы ауда­ны­ның 1000 оқушысына мектеп фор­масы жиынтығын, кеңсе тауар­лары мен рюкзактар табыс етті.
«Халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан балалардың оқуға бастар қадамы қуанышқа толы болуы үшін оларды мек­тепке даярлап, жан-жақты көмек көрсету ісінде әркім азаматтық белсенділік танытатынына се­німідімін. Салауатты, сәтті әрі бақытты өмір негізі балалық шақта қаланады. Балалардың да­муына қолдау көрсету – қоғам­ның басты мақсаты. Олар – гүлденген, тәуелсіз мемлекетті құ­ру­шылар», – деді ол.
Қарағанды өңірінде бес бала тәрбиелеп отырған облыс орта­лығының тұрғыны Гүлнар Се­йітомар да партиялықтардың көмегін көрді.
«Акция бастау алған сәтте бірден «AMANAT» партиясына көмек сұрап жүгіндім. Балала­рымның барлығы мектеп оқу­шы­лары. Бұл қолдау мен үшін үлкен көмек болды. Себебі жаңа оқу жылы басталар тұста бәрі қымбаттап кетті», – деді ол.
Шымкентте қалалық мәс­лихаттың депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Жадыра Таңатарова алты баланы жалғыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ана, ІІ топтағы мүгедек Наргиза Артыққожаеваға барды. Абай облысында өңірдің жа­қында құрылғанына қарамастан, жергілікті партиялықтар игі істен шет қалмай, акцияға бел­сенді түрде қосылды. Жақында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының мүшесі Әсемқан Досқожанов май экс­тракциялайтын зауыт қыз­мет­керлерінің балаларына мектеп формасын табыстады.
«Менің бес балам бар. Отба­сымызда тек күйеуім ғана жұмыс істейді. Сондықтан партиядан көмек сұрадым. Өтінішім жерде қалған жоқ. Ұйымдастыру­шы­лар­ға алғысым шексіз. Балала­рымызға спорттық киімдер, оқу құралдары бар сөмкелер сыйға тартылды. Мұндай көмекті көп отбасы көрді», – деді Семей қаласының тұрғыны Қарлығаш Түсіпова.
Партиялық «Баланы мек­тепке даярлайық!» қайырым­дылық акциясы дәстүрге ай­на­лып, осымен 12 жыл қатарынан өткізіліп келеді.