Ауа райы: он шақты өңірде аптап ыстық болады

Ауа райы: он шақты өңірде аптап ыстық болады

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің солтүстік-батыс, батыс, шығысында фронталды бөліктерге байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Мәселен, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Абай, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақмола, Қостанай облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Күндіз Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Ұлытау, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.