Мәселенің себебімен күресу керек
Мәселенің себебімен күресу керек
265
оқылды
Ғазиз АМАНЖОЛҰЛЫ, «AMANAT» партиясы Жетісу облысы «Авангард» бастауыш партия ұйымының төрағасы: – 2010 жылдан бері «AMANAT» партиясы жа­нын­дағы «Жастар Рухы» жас­тар қанатының белсен­дісімін. Облыс, республика бойынша ұйымдастырыл­ған әртүрлі шараға қатысып ке­ле­мін. Партия жанындағы жастар ұйымы­ның атының өзгергені елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесі деп білемін. Өйткені заман өзгерген сайын жас­тардың идеологиясы да өзгереді. Соған сай біз бұрынғы қалыптасқан жүйемен шектелмей, жастармен жа­ңаша жұмыс жүргізуіміз керек. «Жастар Рухы» жастар қанаты болып ауысуы ең бірінші жас­тардың бойындағы ұлттық рух пен елдік танымды ны­ғайтады. Бастауыш партия ұйымының төрағасы ре­тін­де облыс кө­лемінде әр­түрлі жұ­мыс жүргіземіз. Соның ішінде NEEТ санатына жа­та­тын жас­тарды жұмыспен қам­туға баса мән береміз. ­Жас­тардың бос уақытын тиім­ді өткізуге қатысты іс-шаралар, синте­ти­калық есірт­­кіге қарсы тү­сіндірме жұмыс­тар жүргі­земіз. Шал­ғай ауыл­дағы жастар әлі де мемлекеттік бағ­дар­ла­малардан шет қалып жатыр. Сон­дық­тан біз ауыл-ауылдарды аралап, үгіт-наси­хаттық топ­пен түсіндірме жұ­мыс­тарын өткі­земіз. Қазір жасөс­пі­рім­дердің ара­сын­да түрлі деңгейдегі қыл­мыстар да көбейіп жатыр. Біз осы мә­се­лелердің алдын алу бойын­ша іс-шаралар өткізу­деміз. Бұл жайлы ақпа­раттар Же­тісу об­лысы «Жастар Рухы» жастар қа­на­тының әлеуметтік желідегі парақша­ларында үнемі жарияланып тұрады.