Жастардың жайын ойлайды
Жастардың жайын ойлайды
358
оқылды
Айжамал КЕНЖЕАХМЕТОВА, Атырау облысы «Жастар Рухы»  жастарқанатының белсендісі: – «Жастар Рухы» тек қо­ғамдық жұмыстармен ай­налысатын орын емес. Мен жастар қанатында өзіме жаңа орта, жаңа достар тап­тым. Біз, белсенді жастар, Президентіміздің тапсырмасын жүзеге асыруда қолдау көрсетіп, Жаңа Қа­зақстанды құруға атсалысуымыз ке­рек. Осыған орай «Жастар Рухы» бір­неше бағыт бойынша кешенді жұ­мыс жүргізеді. Облы­сы­мызда жас­тар қанаты сая­баққа шахмат алаңын ашты. Сол жерде жастар бос уа­қытын тиімді өткізіп жүр. Қазір цифрлы заманда жастар көп уақытын смарт­фонда өткізеді. Біз жастар­дың бос уақытын осылайша пай­далы ұйымдасты­руда­мыз. Жақында Атырау қа­ла­сын­дағы жоғары оқу орындарының жа­тақханаларын тексеріп, мониторинг жүргіздік. Сонымен қатар жастарға арналған түрлі тренинг пен мәдени шара өткізіп жүрміз.