Президент Жарлығымен Серік Жұманғарин қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалсын», – делінген ресми Жарлықта.Ол бұған дейін Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болған еді.