Мемлекеттік басқаруға «үйлесімді менеджментті» енгізу жаңа құбылыс емес – Гүлмира ТОҚАНОВА
Мемлекеттік басқаруға «үйлесімді менеджментті» енгізу жаңа құбылыс емес – Гүлмира ТОҚАНОВА
320
оқылды
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Гүлмира Тоқанованың айтуынша, Қазақстан үшін жаңартылған саяси менеджмент қажет. Оның сөзінше, Президент Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған әкімшілік реформа бірінші кезекте ұлттық деңгейге (Үкіметке, орталық мемлекеттік органдарға) қатысты және мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі орталықсыздандыруға және тиімділігін арттыруға бағытталған. – Үкімет өзінің басты функциясы – мемлекеттік саясатты үйлестіруге, шоғырландырылуға тиіс, ал министрліктер нақты сала үшін жауапкершілікпен бірге саясатты айқындауда, мемлекеттік бағдарламаларды жобалауда қажетті еркіндік дәрежесіне ие болады. Шын мәнінде, саяси, әкімшілік және атқарушылық функциялардың орталық деңгейде нақты бөлінуі орын алады. Бұл ретте, ең бастысы – саяси қызметшілердің өз жұмыс майданы үшін дербес жауапкершілігін арттыру. Ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруда Lean management принциптерін енгізуді еске салады. Lean management, "үйлесімді" немесе "ұқыпты" басқару, мемлекеттік секторда рөлдер мен функцияларды оңтайландырудан, үлкен құрылымдарды қысқартудан және басқару процесін оңтайландырудан көрінетін басқаруды қайта құруды білдіреді. Сонымен бірге жауапкершілік пен шешім қабылдаудың жаңа шеңбері құрылуда. Мақсат, сайып келгенде, артық операциялық бюрократияны азайту, қызметкерлердің икемділігі мен жауапкершілігін арттыру. Мемлекеттік басқаруға «үйлесімді менеджментті» енгізу жаңа құбылыс емес, бірақ біздің елімізде алғаш рет. Бұл тікелей Үкімет пен оның кеңсесіне, сондай-ақ министрлердің жеке жауапкершілігіне қатысты. Функцияларды орталықсыздандыру және жеке жауапкершілік орталық саяси деңгейде мемлекеттік басқарудың тиімділігін, яғни Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі саяси реформаларды іске асырудың тиімділігін арттыруға арналған, –  дейді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Гүлмира ТОҚАНОВА.