Ақтауда мас жүргізуші 6 бірдей көлікті қағып кетті
Ақтауда мас жүргізуші 6 бірдей көлікті қағып кетті
Фото: polisia.kz
Ақтау қаласында алкогольді ішімдік ішкен жүргізуші ірі жол апатына себепші болды. Бұл туралы polisia.kz сайты хабарлады. Оқиға 1 қыркүйекте сағат 01.30 шамасында қаланың 19-шағынауданындағы 35-үйге қарама-қарсы жолда болған. Toyota Camry жүргізушісі ішкілікті күйде бүйірлік қашықтықты сақтамай, үйдің алдында тұрған Toyota Prado, Nissan Tiida, Kia Optima автокөліктеріне соқтығысқан. Бұдан кейін ол автомобиль жолына шығып, қозғалыссыз тұрған Honda Odyssey көлігімен қақтығысады. Мұнан соң да кедергі туындағанын ескермей, жылдамдығын төмендетпей Toyota Land Cruiser және инерциямен Toyota Camry автокөліктерімен соқтығысқан. Toyota Camry автокөлігінің иесіне ҚР ӘҚБтК-тің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізуші қалалық әкімшілік соттың шешімі бойынша 20 тәулікке Ақтау қаласы Полиция басқармасының арнайы қабылдағышына жабылды.