Жертөледе казино ашқан елорда тұрғыны тұтқындалды
Жертөледе казино ашқан елорда тұрғыны тұтқындалды
185
оқылды
Нұр-Сұлтан қалалық Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті заңсыз «покер» ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады. Елорда тұрғыны заңсыз материалдық пайда табу мақсатында тұрғын үйдің жертөлесінен заңсыз ойын мекемесін ашып, қолма-қол ақшаға фишка сату және алу арқылы құмар ойынын өткізген. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл азамат 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 2022 жылдың 7 айында ҚМА 82 ойын мекемесінің, оның ішінде 4 астыртын казиноның қызметін тоқтатты. Ойын автоматтары, терминалдар, покер үстелдері, рулетка үстелдері, компьютер, ұялы телефон сияқты 3 мыңға жуық зат, сондай-ақ 5 млн теңгеден астам сомаға қаражат түріндегі айғақ тәркіленді.