Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы әлеуметтік желілердің жұмысын қалпына келтіруді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхендегі (Германия) жұмыс сапарында болып, Қазақстандағы интернет жұмысының іркілісі туралы білді. Мемлекет басшысы барлық ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырды", - деп жазды ол. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=2620980691358680&id=100003403233694 Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда Instagram, YouTube, Google, Telegram жұмысында жаппай іркілістер байқалуда.