Атыраулық жігіт беташардың банкісіне 150 мың тастап кетті
Атыраулық жігіт беташардың банкісіне 150 мың тастап кетті
Әлеуметтік желіде Атырау облысы аумағында болған беташардың бейнежазбасы тарады. Онда асабаға арналған банкіге үйленген жігіттің құрдастарының бірі 5-10 мың теңгелік банкноттардан 150 мың теңге салғанын көруге болады. Беташар қонақтары мәрт азаматқа қошемет көрсетуде. Атымтай жомарт жігіт онысымен қоймай, асабаның қалтасына да ақша салады. Видеоаға қатысты желі қолданушылары екі ұдай пікір қалдырған. Олардың бір тобы жас жігіттің әрекетін мақтаншақтыққа баласа, тағы бір тобы мәрттігіне сүйсінеді.
"Болмайтын тірлік!", "Астамшылық пен мактаншақтық", "Достардың барлығы жинап, бір адамға берген ғой салуға", "Мақтаншақтық, текке мал шашқандық!", "Шеңберден шықпау керек", - деп жазады қолданушылар.
Беташардың бейнежазбасын мынау сілтемеден көруге болады.