Елордалық полицейлер өзіне қол жұмсамақшы болған әйелді құтқарып қалды
Елордалық полицейлер өзіне қол жұмсамақшы болған әйелді құтқарып қалды
190
оқылды
Байқоңыр ауданының УПП-27 учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қуаныш Мирзаев өзіне қол жұмсамақшы болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі. Полицияның «102» арнасына Уәлиханов көшесінің бойында 24-қабаттың ернеуінде әйелдің отырғаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына автопатруль жіберіледі.
«Осы уақытта өзінің әкімшілік учаскесінде болған инспектор Қуаныш Мирзаев оқиға туралы ести сала, уақыт жоғалтпай көрсетілген үйге жүгіріп барып, әйелдің шынында өлімге қадам жасамақ болғанын көреді. Санаулы секундта жоғарғы қабатқа көтеріліп, формасын шешіп тастайды. Техникалық қабаттың кішкентай терезесі арқылы сыртқы ернеуге көтеріледі. Арадағы қашықтық бір метрден астам болған. Білдіртпей әйелдің артынан келіп, қолынан мықтап ұстап тұрған. Келіншек қатты жылап, полицейден босап шығуға тырысқан. Осы уақытта құтқарушылар да жетеді. Олар бірге қызды терезе арқылы қауіпсіз жерге алып шықты», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.