Аргентина экс-президентіне қастандық жасамақ болды
Аргентина экс-президентіне қастандық жасамақ болды
368
оқылды
Аргентина вице-президенті Кристина Фернандес де Киршнерге Буэнос-Айресте үйінің жанында біреулер қастандық жасамақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұрынғы президенттің қасына жақындаған белгісіз ер адам оның басына тапанша апарып, атуға оқталғанда, қаруы атылмай қалды. Оқиға Киршнер ел астанасындағы үйінің алдында өз жақтастарын қарсы алған кезде болған. Әлеуметтік желіде қастандық сәті бейнеленген видео жарияланды. Аргентина президенті Альберто Фернандестің айтуынша, тапанша оқтаулы еді, ал Киршнер тек кездейсоқ жағдай арқасында ғана аман қалды
«Кристина аман. Ішінде бес патроны болған тапанша беймәлім техникалық себептерге байланысты атпай қалған», - деді ол.
Оның айтуынша, бұл қастандық әрекет 1983 жылы әскери диктатурадан демократияға өткеннен бергі ел тарихындағы ең ауыр оқиғалардың бірі болды.