Елордада 5 жасар қызды өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Елордада 5 жасар қызды өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
2,351
оқылды
Астана соты кәмелетке толмаған қызды өлтіргені үшін ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен Д. атты кішкентай баланы өлтіру фактісі бойынша К-ға қатысты үкім шығарды (ҚК 99-бабы 3-бөлігі). Сотта K-ның алкогольді ішімдік ішіп, бірге тұратын әйелдің 5 жасар қызын аямай ұрып-соққаны белгілі болды. Бала есін жимастан қайтыс болған. Алқабилер алқасы өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын түгел жақтап дауыс берді. Арада біраз уақыт өткенде сотталушы апелляциялық шағым берген. Ол кінәсіз екенін айтып, үкімнің күшін жоюды сұрады. Сот алқасының 1 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды. Өйткені оның күшін жоюға ешқандай негіз болмады.