Балаларына қол көтерген әйел отбасымен қайта қауышты
Балаларына қол көтерген әйел отбасымен қайта қауышты
373
оқылды
Алматы облысында балаларына қол көтерген әйел отбасымен қайта қауышты. Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау комиссиясының шешімі бойынша балалар қайтадан сол тәрбиелеп жатқан әйелге қайтарылды. Алматы облысының білім басқармасы ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, комиссияның құрамында аудан прокуроры да бар. Зура Өмірзақова есімді әйел үш жыл бұрын осы төрт баланы қамқорлығына алған. Әкімдік қызметкерлері үйіне келіп, тиісті тексеру жүргізген. Арнайы психологиялық дайындықтан өткен. Ал қамқорлығындағы жеткіншектердің үлкені - он сегізде, кенжесі - он үште екен. Айтуынша, балалардың кейде жанжалдасып, бір бұйымға таласып қалатын кездері көп. Сондықтан дауыс көтеремін дейді.
«Осы уақытқа дейін мейірім көрмей келген балалар ғой. Енді енді түзеліп, міне, төрт жылдың ішінде адам болып келе жатыр. Қазір бәрі қазақша сөйлейді. Домбырада ойнайды. Боксқа қатысады. Күрес үйірмесіне барады. Бәрін істейді. Бірақ енді бала болғаннан кейін бір-бірімін кей кезде келісе алмай қалады. Әйтпесе, мына жақта достары да бар»,- дейді Алматы облысының тұрғыны Зура Өмірзақова.
Әкімдік өкілдері де Зура Өмірзақованың бүкіл қажетті дайындықтан өткенін және бала асырап алуға үміткер ретінде кезекте тұрғанын айтты.