Головкин жеңіске дайын
Головкин жеңіске дайын
Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альварестен өзінің мықты тұстарын айтты. Ол әңгіме барысында Альварестің ресейлік Дмитрий Биволдан оңбай ұтылғанын еске салды.
«Стилімді өзгерту керек деп ойламаймын. Алдағы айқаста үстем түсу үшін Бивол секілді болуым керек. Мақсатым – өзімді жақсы қырынан көрсету. Бұл кездесуге ерекше ден қойып отырмын. Көп жұмыс істеудемін. Өз стилімнен айнымасам, оны жеңемін. «Канело» да қазір қызу дайындалуда. Ол Биволдан жеңілісінен кейін көп жаттығып, өз-өзіне келді. Бірақ психологиялық басымдық менде», – деді Головкин.
Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді.

Асыл ТҰМАР