Жәнібектің келесі жекпе-жегі
Жәнібектің келесі жекпе-жегі
1,569
оқылды
WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайын. Ол бүкіләлемдік бокс ұйымы рейтингінің үшінші сатысында тұрған бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жекпе-жек өткізуге келісті. Бұған дейін Фалькао қазақстандық боксшыға жекпе-жек өткізуге ұсыныс білдірген болатын. Отандық боксшы Эскивамен айқасуға қарсы емес екенін айтып, оның командасына осы жекпе-жекті талқылауды ұсынды. Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық боксшының алғашқы ұсынысына «Маған чемпиондық атағы жоқ боксшылар қызық емес» деп жауап берген еді.

Асыл ТҰМАР