Партияның тұғырнамасы талқыланды
Партияның тұғырнамасы талқыланды
388
оқылды
«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалында саяси ұйымның жаңа тұғырнамасын талқылау жөнінде кеңес өтті. Жиында алғаш болып сөз алған партия филиалының атқарушы хатшысы Бибігүл Аққожина бірінші кезекте саяси тұғырнаманы регламенттейтін негізгі құжаттарды жаңарту қажет екенін айтты. Жаңа саяси тұғырнаманы әзірлеу бойын­ша жұмыс биыл сәуір айында бас­­талды. Партия Төрағасы Ерлан Қо­­­­шанов оның алдағы күндері атқа­ры­­латын нақты бағыттары мен мақ­сат-міндеттерін айқындап берді. Диалог алаңына қатысушылар пар­тияның басты идеологиялық құ­жа­тында көрініс табуы тиіс тұғыр­на­ма­ның мазмұнын толықтыру, аса маңыз­ды құндылықтар, қағидаттар бойын­ша өз ұсыныстарын жеткізді. Сарап­шылар талқылау барысында сая­си платформада тұғырнаманың бас­­тапқы құндылықтары айқын­дал­ға­нын атап өтті. Мәселен, диалог алаңының мүше­сі А.Двуреченский қаңтардағы оқи­ға­ларды еске ала отырып, саяси плат­фор­ма жастарға түсінікті әрі қызықты болуы керек деген ұсыныс жасады. Ал Г.Ка­пенова АҚШ елінің тәжірибесін мы­салға келтірді. Ол шетелдік депут­тар­дың халықпен, өздері сайланған жер­гілікті жерлерде жұмыс жүргізуге кө­бірек мән беретінін айтты. Р.Нұр­ма­­ғамбетов «партияның саяси плат­фор­­масының мәтіні қысқа, қара­пайым және әрбір азаматқа түсінікті тіл­де жазылуы тиіс» деп мәлімдеді. Қорыта келе, қатысушылар партия әр­қашанда «Халық үніне құлақ асатын мем­лекет» тұжырымдамасын сақтап, ха­лықтың ахуалын білуі және оларды ше­шуге көмектесуі керек деген ортақ пі­кірге келді.