Әділетті Қазақстанның қадамдары Жолдауда сәйкестік тапқан
Әділетті Қазақстанның қадамдары Жолдауда сәйкестік тапқан
Фото: t.me/bort_01
210
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалардан кейін экономикалық жаңғыртуды қамтыған Қазақстан халқына Жолдауы әділетті қоғам құрудағы нақты қадам болды. Жолдау өте ауқымды әрі барлық саланы дерлік қамтып, нақты мақсатты көрсеткіштермен айқындалған. Жолдауда қарастырылған бес бағдар: экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң мен тәртіп бәрі жалпы күн тәртібінен туындаған ел сұранысымен үндес. Мемлекет басшысы  саяси жаңғыру экономикалық өзгерістерге  ұласуға тиіс деді. жолдауЖолдауда Мемлекет-Азамат-Бизнес арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертуге үлкен  мән берілген.  Жолдаудың мәтінінде Мемлекет-68, Үкімет-57, Жаңа-42, Ұлт-32, Міндет-29, Заң-28, Экономика-28, Қоғам-28, Бизнес-28, Дамыту-23, Қазақстан-22, Реформа-21, Халық-20, Азамат-20 рет қайталанады. Мемлекеттің бизнесті қолдауы арқылы бәріне бірдей тең мүмкіндіктер жасау, бәсекелестікті нығайтуға, халықтың әлеуметтік табысын арттыруға  алып келеді. Жолдауда әлеуметтік міндеттемелерге құйылатын қаражаттың төмендемейтіні де айтылған. Ұлттық табысты тең бөлу – экономикалық  реформаның басты бағыты. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық  табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аудару «Ұлттық қор» – балаларға» бағдарламасы ұсынылды. Жинақталған қаржыны бала 18 жасқа толғанша ешкім есепшоттан шешіп ала алмайтыны одан сайын қуантты. Балаларының болашағы үшін алаңдайтын әрбір ана үшін бұл ұсыныс ертегідегідей естілді. Негізінде демографиясы мен экономикасы қатар дамыған қуатты ел үрдістерінде мұндай жүйенің қалыптасуы тиімді, әрі адамдарды ынталандырады, сенімге алып келеді Бұл - адам капиталын дамытуға салған мемлекеттің инвестициясы. Бірден-бір мәселе - жаңа Салық кодексін енгізу туралы. Салық жүктемесін азайту үшін салықтан жалтаруды болдырмау  тетігі жаңа Салық кодексінде қарастырылатын, қарапайым бөлшек сауда салығын қолдану аясын кеңейту енгізілетін болады. Салық реформасы аясында салық түсімін өңірлерге беру секілді бірнеше тиімді тұжырымдар жасалған. Ұлттық қорды тиімсіз пайдалану тоқтатылады деп нақтыланған. Салық түсімін өңірлерге беру  саясаты да көңілге қонымды, себебі ол жекелеген өңірдің дамуына әсер ететін көрсеткіш. Жаңа бюджет кодексін қабылдау пісіп жеткен мәселе. Сонымен қатар халық денсаулығын жақсартуға қолдау көрсетілмек. Бүгінде 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы  уақытта 32 аудандық аурухана жаңартылып, фельдшерлік пункт салынбақ. Тағы бір қуанарлық жайт, ең төменгі  жалақыны 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін  жоғарылату туралы шешім. Ал 2023 жылдан бастап әлеуметтік әмиян іске қосылса елдің еңсесін көтеріп тастары анық. Келесі жылдан бастап 100 мыңға жасқа жұмыс беру туралы бастама көтерілді, демек жаңа экономикалық саясатты жүзеге асырғанда жаңа жұмыс орындары пайда болады деген сөз. Көптен бері қозғалмай кеткен идеологиядағы олқылық – жас ұрпақтың болашағы. Себебі ол кімді болса да алаңдатады. Осы орайда Президент нашақорлық пен  есірткі саудасымен күрестің кешенді  жоспарын әзірлеуді тапсырды. Одан бөлек,  Жолдау барысында Президент мандатының  ұзақтығын 7 жылдық мерзіммен шектеуді және Мәжілістің, барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартыжылдығында өткізуді ұсынды. Қаңтар оқиғасына  адасып қатысқандарға бірреттік рақымшылық таныту жөнінде айтып, ел бірлігі ауадай қажет екеніне да тоқталды. Қоғамдық қауіпсіздікті қолға алу мәселесі өзекті тұста, отбасындағы зорлық-зомбылықты да талдап зерделеу, қолға алу, бүкіл қоғам, тұтас ұлт болып күресу  міндеті алдымызда тұр.Мүны да Мемлекет басшысы қадап айтты. Жалпыұлттық күн тәртібінде тұрған мәселелердің Президент Жолдауында айқын көрініс тапқанын көріп отырмыз. Шешу жолдары да айқындалған. Бәрі де сапалы ұлт үшін, ел дамуы үшін.  «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы Жолдауда сәйкестік тауып, Әділетті, Жаңа Қазақстанның  қадамдарын бастап жатыр.  

Калыйма Жантөреева, 

«AMANAT»  партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Түркістан облысының Құрметті азаматы