Болашақ студенттің оқу ақысын алдын ала жинақтау жүйесі құрылады
Болашақ студенттің оқу ақысын алдын ала жинақтау жүйесі құрылады
160
оқылды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі оқу ақысын алдын ала жинайтын «эскроу-шот» құралын енгізбек. Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осындай жоспары бар екенін айтты.
«Білім алуға қаражат жинақтау құралы ретінде Оқу-ағарту министрлігімен бірлесе отырып, балалар мен студенттердің жасына қарай білім беруге қаржы жинақтаудың мемлекеттік жүйесін пайдалану мәселелерін пысықтап жатырмыз. Бұл шаруаны жинақтаушы 18 жасқа, яғни мектеп бітіргенге дейін Оқу-ағарту министрлігі, мектеп бітіргеннен кейін Ғылым және жоғары білім министрлігі реттейді», - деп түсіндірді ведомство басшысы.
Аталған эскроу-шот арқылы ваучерлік жүйеге көшу көзделіп отыр.
«Сараланған гранттар, яғни оқу ақысының 30%-ынан 100%-ына дейін беру ұсынылады. Сараланған грантты енгізу тәсілдері пысықталуда. Алдағы уақытта тәртібін таныстырамыз», - деді министр.