Орман өртіне байланысты Қостанай облысында тасжол жабылды

Орман өртіне байланысты Қостанай облысында тасжол жабылды

Қостанай облысы аумағында автожол қозғалысын шектеу бойынша жедел ақпарат жарияланды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«3.09.2022 жылы сағат 16.15-те Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолының 8-108 шақырымдары аралығында (Тобыл қаласы мен Әулиекөл ауылы учаскесі) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді», - делінген ресми ақпаратта.