Мектеп-интернатта балаларды ұрып-соққан мейірбике сотталды
Мектеп-интернатта балаларды ұрып-соққан мейірбике сотталды
189
оқылды
Ақтөбеде арнайы мектеп-интернат балаларын ұрып-соққан мейірбике төрт жылға бостандығын шектеу жазасына кесілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбенің қылмыстық істер жөніндегі сотында 30 жастағы мейірбикеге қатысты Қылмыстық кодекстің «Азаптау» бабы бойынша іс қаралды. Айыптау актісіне сүйенсек, сотталушы өзі қадағалауға тиіс мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерін ұрып-соққан. Қылмыс көктемде психикалық ауытқулары ауыр балалар тәрбиеленетін мектеп-интернатқа прокурорлық тексеру барған кезде ашылған.
«Бейнебақылау камераларынан әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өз тәрбиеленушілерін соққыға жыққаны анықталды. Нәтижесінде, қылмыстық іс қозғалды. Сотта медбике өз кінәсін мойындады. Ол төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінен.