Атырауда соңғы екі күнде екі бала терезеден құлап кетті
Атырауда соңғы екі күнде екі бала терезеден құлап кетті
288
оқылды
Атырауда соңғы екі күнде екі бала терезеден құлап кетті. Қазіргі уақытта екі бүлдіршіннің де жағдайы ауыр. Қайғылы оқиғаның біреуі Жылыой ауданында тіркелді. 2 қыркүйек күні сағат 12.16-да Құлсары қаласы, 5 шағын ауданында көп қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатының терезесінен 2013 жылы туған бала құлаған. Қазіргі уақытта бала Жылыой аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Екінші жағдай бүгін, яғни,3 қыркүйек Атырау қаласында тіркелді. Сағат 16.20-да Атырау қаласының Жұлдыз - 2 ықшам ауданында ересектердің қарауынсыз қалған үш жасар бала қос қабатты жеке үйдің екінші қабатының терезесінен құлаған. Көптеген дене жарақатымен сәби қазір Атырау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жыл басынан бері Атырауда балалардың терезеден құлауы жағдайының 4 дерегі тіркелген. Өткен жылы Атырауда терезеден құлау салдарынан 3 бала жарақат алып, 2 бала көз жұмған болатын. Баян Жанұзақова