Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы өртті сөндіру жұмыстарымен таныспақ
Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы өртті сөндіру жұмыстарымен таныспақ
228
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы  БОРТ№1 Telegram каналына хабарлайды. «Жалпы, облыстағы жағдай толық бақылауда. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин басқаратын жедел штаб табиғи апаттарды жоюға қатысатын барлық органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді»,-делінген хабарламада.