Елордада әйелдің мәйіті табылды
Елордада әйелдің мәйіті табылды
289
оқылды
Нұр-Сұлтанда жас әйелдің мәйіті табылды деп хабарлады  Polisia.kz сайты. «102» пультіне Әуезов көшесіндегі үйдің тұрғынынан баспалдақ алаңында қанталаған әйелдің жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полицейлер дене жарақаты бар 34 жастағы әйелдің мәйітін тапқан. Елордалық жедел уәкілдердің тексерісі барысында бір тәуліктің ішінде Ақмола облысының аумағында 37 жастағы күдікті ұсталды. Ер адам бір күн бұрын аулада жас әйелмен танысып, бос уақытын өткізу үшін оны пәтеріне шақырған. Отырыс барысында күдікті мен қонақтың арасында жанжал туындап, ер адам спорттық зілтемірден металл белтемірді алып, жәбірленушінің денесіне бірнеше рет соққы жасаған.
«Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген хабарламада.