«AMANAT» партиясының мүшелері мен волонтерлер Қостанай облысында апаттан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсететін болады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов Facebook парақшасында жазды.
Қадірлі отандастар! Қостанай облысында болып жатқан табиғи апат баршамызды алаңдатып отыр. Жағдай Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Ертең партия мүшелері мен «Жастар рухы» қатарынан волонтерлер жасақталып, апаттан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсететін болады, – деді Қошанов.Бұдан бөлек, таңертеңнен бастап «AMANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылады.
Жағдайдың тезірек тұрақталуын тілейміз. Біз қостанайлықтармен біргеміз және бұл сынақтан бірге өтеміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді Парламент Мәжілісінің Төрағасы.